Қолжазбада өзім туралы және өзімнің ойларым туралы жазамын.Ойлар әр тақырып бойынша бөлінеді.
Алдымен,әр адам өз-өзіңе «мен кіммін?», «бұл қоғамдағы орным мен үлесім қандай?» деген сұрақты қоюы керек деп ойлаймын.«Өзіңді өзің танысаң істің басы» демекші тұлға болу өзіңді өзін танудан басталады.
Әр адамда өмірлік ұстаным болуы тиіс.Өмір сүру үшін белгілі бір мақсат, тірек болуы керек. Не үшін өмір сүремін, немесе кім үшін. Өмірге келгендегі мақсатымызды айқындап қана нық қадам баса аламыз.
◽Менің өмірлік ұстанымдарым:
1.Ерінбей еңбек етсең шыдап егер,
Тікен де гүлге айналып шыға келер.
2.Аянбай еңбек еткенге,
Бақыт басын иеді.
3.Аз сөйлесіп,көп тыңдар,
Хас асылдың баласы.
Адам өзінің кім екенін біле отырып,өзгелерді ұғынады.Сонда ғана алға жылжиды.
Кейде ойлаймын, адамдардың характері әртүрлі. Соған байланысты таным-түсінігі мен қабылдау сезімі әртүрлі екені белгілі. Адам әуелі өзін-өзі танымаса, өзгелерді қалай таниды? Меніңше, адам өзгелерді тани отырып, өзіндегі болмыс-бітімді ұғына түседі.
____________________________________
Мені қызықтыратын тақырып, ол - «жан». Адамның жаны деген не?
Адам айналасындағы әрекеттерді, сезімдерді жан арқылы аңдап ұғынады екен. Бірақ, менің ойымша, «жан» - адам организміндегі органдардың үйлесімді әрекеттесуі, үйлесімді қызмет етуі.
Сол себепен, «дене жанның қабы», «жан - дененің ішінде» деген пікірлерге келісе бермеймін.
03.10.2021 қазақша аударма қосылды.