Ең алдымен, адамның тәрбиеленетін, жақсы мен жаманды айыратын ортасы ол - отбасы.
Отбасы бұл адамдардың ерікті түрде ұйымдасқан ұжымы. Сол ұжымның өзіне тән құндылықтары болуға тиіс. Құндылықтарсыз отбасы ерте ме,кеш пе тоқтайды.
Құндылықтар дегеніміз не?
Бұл асыл қасиеттер, сүйіспешілік, жанашырлық, адалдық, отбасының басқа мүшелеріне жан ашып тұру.
Отбасының әрбір мүшесі бір-бірін шың жүрекпен қорғай да, қолдай білу керек.
____________________Туыстық мәселелер:
Адам бар жерде әрекет бар. Әрекет бар жерде мәселе туындары анық.
Отбасы ішіндегі мәселелерге тоқталайын:
1.Айдан анық жағдай деп ойлаймын, отбасы ішіндегі мәселелердің басым көпшілігі - «ақшаға» келіп тіреледі. Ақша үшін отбасы ішінде кикілжін туғызу - құндылықтардың біртіндеп жоғалуының белгісі.
2.Отбасыдағы үлкендердің мінезінің ауырлылығы. Жеткіншектер ата-аналардың қаттылығы салдарынан біршама әрекеттерден өзін шектеуі мүмкін. Меніңше, балаға еркіндік беру керек.
3.Көп нәрсе тәрбиеге байланысты. Маған қазіргі ата-аналардың тәрбиесіндегі ұнамайтын бір жәйт - баланы шолжаң, тым ерке қылып тәрбиелеуі. Бұлай тәрбиенің қай жері артық екендігін түсінбедім, баланың «ә десе, мә деуге үйрету», басынан сөз асырма деген таптаурынды нәрселерге үйрету қоғам үшін зиянды сияқты. Ойланып қарасам, егер әр ата-ана баласына осындай идеологияда тәрбие берсе, сонда «Басынан сөз асырмай өскен» бала, яғни шатақшыл, қоғамға деген сүйіспеншілік сезімдерден арылатын сияқты. Күнде қырғын соғыс пен, алагөздік оиын алатын сияқты. Әрине, бұл жай ғана менің ойым.
4. Бұл проблема маған жақсы таныс. Ол - отбасыдағы балалардың жылулық сезбеуі. Көпотбасылы семьяларда ата-ана барлық балаға бірдей көңіл бөле алмайды. Осыдан келіп,бала жылулық сезімді сезбейді. «Мені ешкім жақсы көрмейді» деген ойлар жылулықтың жетіспеушілігінен.
5.Баланы ұру, тым ауыр психологиялық жүк (нагрузка) түсіру, сондай-ақ ортадағы (мектеп болсын, достары болсын) БУЛЛИНГ - баланы СУИЦИДКЕ немесе ПОФИГИЗМГЕ әкеледі.
6.Туыстық қатынас әрине бәрінен жоғары екендігі белгілі. Бірақ, кейде туысыннан гөрі жақындағы қаймана көршің артық көрінеді. Бұл - өзімнің көрген, білгенімнен қалған ой.
Сүйінбай мен Қатаған айтысында «қазақ алауыз» деген жәйт қозғалады. Алауыздық сол заманнан-ақ болған екен-ау.
Негізінде тізімге қосылмаған қаншама мәселе қалды. Мен ойыма келген ең негізгілерін жаздым.
03.10.2021 қазақша аударма жарияланды.