Басқалардың үмітін ақтау бұл - үлкен сенім мен міндет. Адамда қаншалықты күш пен жігер, ерік болса, соншалықты табысқа, жетістікке жетеді.
Кейде, бір жұмысты орындау барысында күш пен ерік жетпей, ерініп ертеңге қалдырамыз. Ертеңге қалдыру - өз-өзіңді жай алдаумен тең.
Кім жұмысқа бар күш-жігерін арнаса,сол жұмыс барынша сапалы болмақ. Табысты жандардың құпиясы да осы деп ойлаймын.
Әр нәрсеге жәй көзқараспен ғана қарамай, креатив пен эстетикалық жағынан жан-жақты қарастыру - заман талабы екендігі хақ.
ЕРІК ПЕН ҚАЙРАТ ЕГІЗ ҰҒЫМ БА?
Ерік - адамның өз еркі, қалауы. Қайрат - сол қалауға жұмсалатын, жеткізетін күш.
03.10.2021 қазақша аударма жарияланды.