Әр адам әртүрлі, мінездері де солай. Бес саусақ бірдей емес.
Әрине,психология ғылымы мұны ғылыми тұрғыдан зерттейді. Бірақ,мен характерлерді өзімше сараладым.
1.Жұмсақ характер
Мұндай адамдар сабырлы, тыныштықты ұнатады. Тіпті,тазалықты да жақсы көруі де мүмкін. Өз ортасында белсенді болмаса да, жақсы адам титулына ие.Әр тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарайды.
2.Жұмсаққа тырысатын характер
Жұмсақ мінезді болуға тырысатын жандар. Мұндай характерге тән белгі - көзбояушылық. Мәселен, өмірде «басқаша адам ретінде өзін көрсететін адамды» кезіктірген шығарсыз, бірақ шынтуайында ол адам ондай емес. Мұндай адамдардың нақты типтік характерін ұзақ қарым-қатынас кезінде байқаймыз. Сыртынан тон пішу - әрине дұрыс емес.
3.Агрессивті характер
Мұндай жандар агрессивті және көп адамдарды (көп жағдайда) ұната бермейді.Тек бір-екі адаммен ғана жақсы араласады. Өзінікін басқаларға дәлелдегісі келеді.Билікке құмар келеді.
Көптеген басшылар осындай характерге ие.Яғни,мұндай характерге ие жандар жоғарғы орындарда отырады.
Мұндай характерге ие жандар ортаға сіңісе бермейді.
4.Әлсіз характер
Мұндай адамдар үшін айналасындағы болып жатқан нәрселер маңызды емес.Еш нәрсе қызық емес, еш нәрсе үшін алаңдамайды.Бірауыз сөзбен - пофигизм.
5.Актив характер
Бұл характер екіге бөлінеді.
•Прогрессивті актив
Мұндай жандар өмірде жетістікке жетеді. Белсенді және шебер. Не жасаса да бар ниетпен жасайды.
•Жәй актив
Аузымен орақ оратын белсенді характер.Мәселен, бірнәрсе жасайық десең жай ғана ауызбен бәрін тыңдырып жүретін адам. Ал, бірақ оны өз қолымен жасауға ниеттенбейді.
6.Орташа характер
Мұндай жандарда барлығы да орташа. Құбылмалы мінезге ие.Бірде құм, бірде сұм.
#ТАҒЫ ДА:
Адамның ұстанатын принципіне байланысты, характерлерде де өзгешеліктер болады. Сондай-ақ бір адамда бірнеше характер араласып келуі мүмкін.
______________МІНЕЗДІ АНЫҚТАУ:
Адамның түр-әлпеті, бет пішіні, көз қарасы, жазуы, жасаған жұмысы - адам туралы біраз ақпаратты білуге көмектеседі. Осы жылы қарашада топтағы досыма, дене бітіміне байланысты характеристика бердім. Сонда, ол "характеристикадағы барлық сипаттамалар дәл келгендігін" айтты. Мен ол сипаттамада шашынан бастап - сөйлеген сөзіне шейін талдаған болатынмын.
03.10.2021 қазақша аударма жарияланды.