#5. МЕНІҢ ОЙЛАРЫМ. Part one


Бұл тақырыпта адамның жағдайлары туралы өз ойларымды жазғым келді.

1.Адамдар бір-бірінің уақытын қадірлей білуі керек. УАҚЫТ- адамның құнды, қажетті өлшемі.

2.НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ (Пофигизм) - адамдағы жағымсыз қасиет дер едім. Бұл қалай пайда болады?
Өзегелерге деген сенімі өшкен кезде, көңілі қалғанда, көп уақытта көңіл-күйінің болмауы, ұзақ стресс пен депрессия ПОФИГИМЗГЕ әкеледі.

📌Негізі пофигизм дегенді немқұрайлылық деп алдым. Немқұрайлық - жауапсыздық (не ответственный) деген сөзбен де жұғысады, мағыналас.



ПОФИГИЗМ ЕКІ ТҮРЛІ БОЛЫП КЕЛЕДІ:
1.Саналы немқұрайлылық
2.Абсолютті немқұрайлылық
(Әрине өзімнің ұзақ ойлануым нәтижесінде бөлдім, субъективті пікірім)

Саналы пофигизм - айтылатын нешетүрлі сөздерді елемеу, өзгелер не десе де айта берсің беген ұстаным.
Абсолютті пофигизм - барлық нәрсеге немқұрайлылық таныту.

АБСОЛЮТТІ ПОФИГИЗМ НЕГЕ АПАРАДЫ?
1.Қоғамдағы өз орнын жоғалтып алады.
2.Өзгелермен еркін сөйлеспейді, салғырт қарайды.
3.Тасбауыр қылады ( Маған бәрібір деген позицияны ұстанып алса, әрине оны өзгенің тағдыры қызықтырмайды)
4.Өмірге деген ерік-жігері сөнеді.
5.Сүйіспеншілік қасиеттерден айрылады.
6.Өзгелерге деген сенімі өшеді.
7.Қоғамнан оқшауланып, бөлініп қалады.
8.Суицидке әкеледі.

СТРЕСС - адамдағы психологиялық дағдарыс.Психологиялық проблемалар стресске әкеледі.Стресс қысқа мерзімді болып келеді.
ДЕПРЕССИЯ - ұзақ мерзімді психологиялық-шығармашылық дағдарыс.
Сондай-ақ ҚҰЛДЫРАУ деген терминді де енгізетін едім. Құлдырау - адамның белгілі бір сферада қабілетін-қарымының төменге құлдырауы. Бұл қалыпты жағдай, сондықтан уайымдамау керек😁

ЕҢ БАСТЫСЫ, қандай қиын жағдай болмасын өзіңді СТРЕССке түсірмеуге барынша тырысу керек. Бәрін жеңіл қабылдауға тырыс. 

_____________________________
АЙТЫЛҒАН СӨЗДІ КӨҢІЛГЕ ЖАҚЫН ҚАБЫЛДАУ

Айтылған пікірді көңілге жақын қабылдау - көп адамдағы кемшіліктің бірі, және бұл қалыпты.  Менің ойымша, бұл жанның сезімталдығынан пайда болады.
Өзгелердің пікірінен гөрі өз пікірін әлдеқайда маңызды. 📌Егер анау былай айтты деп ойлана берсең, өзгелердің пікірінің арасында жұтылып кетесің. Бұл туралы Ж.Аймауытовтың «Психологиясында» кеееремет айтылған. Қанша адам болса, сен туралы сонша пікір болады. Олардың ішінен тек «СЫНИ МӘНДЕГІ ПІКІРЛЕРДІ СИНТЕЗДЕП» қажеттісін алу керек. 

Мәселен, мен сабақта өлеңді дұрыс оқи алмадым. Маған «екпінді, интонацияның дұрыс қойып үйрен» деген пікір айтылды. Қажеттісін алып, келесіде оны ескеремін.

ҚҰНДЫСЫ - «ӨЗ ПІКІРІҢ»

😅😅😅
Мән берме, и всё )))
Айта берсің ...




Қазақша аудармасы 24.12.2021 қосылды

SAGA: özım turaly

2021 жыл.